Оқушылар сарайының өнерпаздары Наурыз мерекесімен құттықтауды бастап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар сарайының өнерпаздары Наурыз мерекесімен құттықтауды бастап кетті

17.03.2017

«Қош келдің Әз-Наурыз!». Астана қаласындағы Оқушылар сарайының өнерпаздары мектеп оқушыларын Наурыз мерекесімен құттықтауды бастап кетті. Мерекелік шара барысында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, ұлттық өнеріміз дәріптелді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік цирктен де түрлі ертегі кейіпкерлері келіп, балалар арасында қызықты ойындар ұйымдастырды.

Аңсаған НАҒАШБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу