Қарағандыда Оқушылар сарайының құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Оқушылар сарайының құрылысы басталды

05.06.2019

Жаңа нысан техникалық және химия-биология бағытында жұмыс істемек.

Біз сендерге жастар жылы деп жариялаған 2019 жылдан сәлем жолдап тұрмыз.

Құрылысты бастау салтанаты кезінде 2050 жылдың жастарына аманат хат жазылып, арнайы капсулаға салынып, Оқушылар сарайының іргетасымен бірге қаланды.

Ғимарат пайдалануға берілген соң, балалар гидропоника, ғарыш, нанотехнология, авиамодельдеу, робототехника қолданбалы-көркем өнер және тіл үйрену сынды 50-ге жуық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, 380 адамға арналған көрермен залы болады. Ал ауласына футбол, баскетбол алаңдары салынады.

Алып кешенге бір күнде 3 мыңнан асатам бала келе алады. Қалада балалар мен жасөспірімдер сарайы бар. Бірақ ол аздық етеді. Ғимарат осыдан тура 80 жыл бұрын салынған.

Әділхан Әбілдин, құрылыс компаниясының өкілі:

Архитектура жағынан қарағанда, нысан ерекше болып табылады. Келбеті өзіміздің қазақтың киіз үйіне ұқсатылған. Бірақ ол шыны, витраж дейміз ғой, ол энергия үнемдейді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу