Елордадағы Оқушылар сарайына баламалы энергетика құралдары сыйға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы Оқушылар сарайына баламалы энергетика құралдары сыйға тартылды

18.04.2014
Елордадағы Оқушылар сарайына баламалы энергетика құралдары сыйға тартылды
Елордадағы Оқушылар сарайы құнды дүниемен толықты. Бұл жолы ядролық отын циклі және баламалы энергетиканы зерттейтін құрылғылар өнерпаздарға сыйға тартылды.
 
Бұл -  Францияда шығарылған атом станциясы жұмысының макеті, ядролық отын зауыттарында пайдаланатын қолғаптық қорап моделі, сондай-ақ, жел турбинасы мен Күннен қуат алатын технология құрылғысы. Қондырғылар көрнекі құрал ретінде қолданылмақ. 
 
Ұмсын Арқабаева, Оқушылар сарайының директоры: 
Біздің балаларымыз қазірден бастап, мамандықтарын таңдайды. Ал, замануи қондырғыларды меңгеруі олардың дамуының бір көрінісі деп ойлаймын.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу