Шығыс Қазақстан облысында бір тәулікте бір метрге жуық қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында бір тәулікте бір метрге жуық қар жауды

19.01.2020

Соңғы екі-үш күннен бері бірқатар аймақта қалың қар жауып, қатты боран соғып тұр. Жолдарды жабуға тура келді. Дегенмен қар құрсауында қалып қойған жолаушылар аз емес, сондықтан құтқарушылар, жол қызметкерлері күшейтілген тәртіптегі жұмыс кестесіне көшті. Шығыс Қазақстанда да бір тәулікте бір метрге дейін қар жауып, ат құлағы көрінбейтін боран болғаны туралы әлеуметтік желі арқылы халық бір-біріне жазып әлек.

Берік КӨШЕРБАЙ, Нұржан ҚАЛЕКЕНОВ


Хабарламаларға жазылу