Ресей Үкіметінің жаңа басшысы – Михаил Мишустин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Үкіметінің жаңа басшысы – Михаил Мишустин

19.01.2020

Осы аптада әлемді елең еткізген саяси жаңалық Ресейден жетті. Сәрсенбіде президенті Владимир Путин Федералдық жиналыста халыққа үндеу жолдап, конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Содан кейін арада бірнеше сағат өткенде ол премьер-министр Дмитрий Медеведевті отставкаға жіберіп, ол үшін жаңа қызмет ойлап тапты -Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары деген. Айта кету керек, азаматтардың зейнетке шығу жасы көтерілгеннен кейін Медведевтің ел алдындағы беделі тіпті түсіп кеткен.  

Үкіметке енді саяси мақсаты жоқ - 53 жастағы Михаил Мишустин жетекшілік етеді. Ол бұрын Федералдық салық қызметін басқарған.

Конституцияға өзгеріс демекші, ол құрамына аймақ губернаторлары мен ірі федералдық шенеуніктер кіретін Мемлекеттік кеңестің билігін де негізгі заңда нақтылау қажеттігін айтып отыр. Осыған қарап, кейбір сарапшылар Путин 2024 жылы президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін аталған кеңес арқылы билігін жалғастырады деп топшылайды. Мемлекеттік кеңес бұрынғы Орталық кеңес, ал қауіпсіздік кеңес оның «саяси бюросы сияқты» болмақ дейді...


Хабарламаларға жазылу