Парламент Сенаты жанынан агроөнеркәсіп кешені жөніндегі кеңес құрылады

17.01.2020

Парламент Сенаты жанынан агроөнеркәсіп кешені жөніндегі кеңес құрылатын болды. Бұл туралы жоғары палата төрағасы Дариға Назарбаева ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесуі барысында айтылды. Қазір әсіресе дихандар кадр тапшылығын қатты сезініп отыр. Жастардың ауылдық жерде тұрғысы жоқ. Болашақ бағдарламасы бойынша оқып келген 10 мың түлектің тек 70-і ауыл шаруашылығы саласында қызмет етеді. Осы және өзге де мәселелер парламенттік тыңдаула көтерілмек. Сондай-ақ сенат жанында құрылатын тұрақты кеңесте қаралатын болады. Оған мүше ретінде үкімет, жергілікті орган, ғылым, агроөнеркәсіп өкілдері кіретін болады. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу