Биыл коммуналдық тариф бағасы көтерілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл коммуналдық тариф бағасы көтерілмейді

15.01.2020

2025 жылға дейін коммуналдық қызметтер құны өспейді. Тек электр қуаты қымбаттауы мүмкін. Бірінші қаңтардан бастап кейбір өңірлерде жарық бағасы көтерілгенімен, су, жылу арзандаған. «Тарифтерді көтермей, осы деңгейде сақтауға болады»,- дейді мамандар. Сонда табиғи монополия субъектілері инвестиция көлемін ұстап қалады.

Коммуналдық қызметтер тарифі биыл орта есеппен 15,5 пайызға өседі деп жоспарланған. Бірақ Ұлттық экономика министрлігі 400-ден астам табиғи монополия субьектісінің қызметіне талдау жүргізіп, олардың өз міндеттемелерін дұрыс орындамайтынын анықтады. 400 кәсіпорынға нұсқама беріліп, айыппұл салынды. Соның нәтижесінде тарифтің негізсіз өсуіне жол берілген жоқ. Кейбір өңірлерде жарық қымбаттағынымен, жылу мен су құны арзандады.

Оралда, Жамбылда, Атырау мен Нұр-Сұлтан қаласында жарық құны қымбаттады. Бірақ, мұның өзі 2018 жылмен салыстырғанда төмен.

Мамандар 2020 жылдан кейінгі кезеңді «тарифтік тыныштық» немесе «инвестициялық тыныштық» деп атайды. Яғни, тариф өспейді. Алдағы бес жылда көлемді қосымша инвестициялар болады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу