Трамп Иранның келіссөзге келуі немесе келмеуі қызықтырмайтынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Иранның келіссөзге келуі немесе келмеуі қызықтырмайтынын айтты

13.01.2020
Трамп Иранның келіссөзге келуі немесе келмеуі қызықтырмайтынын айтты

Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен «Fox News» телеарнасында Иран қазір қысымға ұшырап отырғанын айтқан еді. Сондай-ақ, Иранның келіссөздер үстеліне отырғаннан басқа амалы жоқ екенін де атап өткен. 

Трамп Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісінің жазбасын өз Twitter-іне парсы тіліне аударып салды.

Бұл АҚШ Президенті әлеуметтік желіде парсы тіліне аударып жариялаған алғашқы хабарлама емес. Бұған дейін де Ақүй басшысы Ирандағы наразылық білдірушілерге қолдау көрсетіп, оларды батыл әрі көп азап шегетін адамдар деп атаған. 

Осыдан кейін Иран СІМ-нің ресми өкілі Аббас Мусави «лас тілдердің» парсы тілін «қорлауға» құқығы жоқ екенін айтты.

Хабарламаларға жазылу