Әдебиет және өнер саласының үздіктеріне бұдан былай Абай сыйлығы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әдебиет және өнер саласының үздіктеріне бұдан былай Абай сыйлығы беріледі

09.01.2020
Әдебиет және өнер саласының үздіктеріне бұдан былай Абай сыйлығы беріледі

Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайтынын жазды.

«Республикалық және халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдары өтеді. Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады. Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын болады», - деп жазды Мемлекет басшысы мақаласында.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығы шетелдерде де тойланатынын жеткізді: «Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде де жалғасады. Ресейдегі, Франциядағы, Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі Қазақстанның елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жоспарланып отыр. Бұл мәдени іс-шараларды ысырапшылдыққа жол бермей ұйымдастыру қажет».


Хабарламаларға жазылу