Қазақстандықтарға Ресейде 180 күнге дейін жүруге рұқсат етілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға Ресейде 180 күнге дейін жүруге рұқсат етілуі мүмкін

08.01.2020

Ресейге сапарлап барған азаматтарға сол елде 180 күнге дейін жүруге рұқсат етілуі мүмкін. Қазір «Ресей Федерациясындағы шет ел азаматтарының құқығы туралы» федералды заңға түзетулер енгізу мәселесі талқылануда. Қазіргі заңнамаға сәйкес, Ресей азаматтары Қазақстанда 90 күн жүріп, елден шығып, сосын бірден қайта орала алады, ал қазақстандықтар Ресейде 90 күн жүрсе, осынша мерзім өткеннен кейін ғана Ресейге қайта кіре алады. Жаңа құжатқа сәйкес енді отандастарымыз көрші елде 90 емес, 180 күнге дейін болуы мүмкін.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу