«Қаулы жоқ». Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар әзірге ашылмауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаулы жоқ». Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар әзірге ашылмауы мүмкін

20.10.2020

Елордадағы кинотеатрлар 26-қазанда ашылмауы мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты. Оның сөзінше, бұл рұқсат аурудың таралу деңгейі бойынша «жасыл аймаққа» енетін өңірлерге қатысты. Ал, Нұр-Сұлтан «жасыл аймақта» бүгін төртінші күн ғана. Сондықтан жағдайды әлі 10-12 күн бақылау қажет. Егер осындай көрсеткіш сақталса ғана кинотеатрлардың жұмысы басталады. Оған дейін олардың дайындығы тексеріледі. Яғни, кинозалдарға арақашықтық белгілері, санитайзерлер орнатылып, қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Көрермендер кіре берісте термометриядан өтіп, залда маска тағып отыруы міндетті. 

Амангелді Сейітхан 

Нұр-Сұлтан кинотеатр Жанна Пірәлиева

Хабарламаларға жазылу