Қазақ поэзиясы тағы бір жыр жинақпен толықты. Түркістандық талантты ақын Айдар Сейдәзім «Жапырақ ғұмыр» деп аталатын ең алғашқы кітабын жарыққа шығарды. Көбінесе табиғатты, сыртқы ортаны суреттей отырып, адамның ішкі әлеміне, сезім сарайына сәуле түсіретін - нағыз лирик. Өзі атпалдай ірі денелі болса да, өлеңдері өте нәзік иірімдерге толы,-дейді оның азаматтық болмысын сөз еткендер. Сыршыл ақынның біраз өлеңі әдемі әнге айналған. Бір қызығы -аталған жинақты Қанат Таңатаров деген азамат өз қаржысына шығарып беріпті. Ол ақынның шығармашылығымен тек әлеуметтік желі арқылы таныс.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ