Ақын-журналист Жаңылхан Асылбекованың жыр жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын-журналист Жаңылхан Асылбекованың жыр жинағы жарық көрді

29.05.2018

Қазақ сөз өнерінің қоржыны тағы бір рухани құнды еңбекпен толықты. Алматыда ақын-журналист Жаңылхан Асылбекованың «Жанарымдағы жарқыл ең» атты жыр жинағы жарық көрді.

Оған сыршыл ақынның ұшқыр қиялынан туған өрнекті өлеңдері топтастырылған. Енді сезімге толы сұлу сөзді ақ қағазға түсірген Жаңылхан Мәмежанқызының мөлдір жырлары оқырманға осы жинақ арқылы жол тартпақ. Сыншылар мен әдебиеттанушылар «Бұл қаламгер мен оқырман арасында көпір орнатқан шоқтығы биік ұзақ мерзімді басылым», - дейді. Сондықтан, жыр жинағы ақынның шығармашылығымен бұрын тек баспасөз арқылы таныс шалғайдағы оқырманның қолына көп ұзамай жетеді.

Нұрдәулет Ақыш, жазушы:

- Ұйқас құру бір басқа, поэзияның нәзік шетін, табиғатын меңгеру басқа. Жаңылхан Асылбекқызы - осы нәзік шетін, табиғатын меңгерген адам. Өлеңдерінде артық сөз болмайды. Ең бастысы, көркем, эпитет, метафоралар орнымен қолданылған. Ол ойларын түйіп-түйіп айтатын, ақын әйелдердің арасынан шыққан философ ақын дер едім.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу