Ресей және Қырғызстан Президенттері әуе апатына байланысты көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей және Қырғызстан Президенттері әуе апатына байланысты көңіл айтты

27.12.2019

Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ресей халқы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді», – делінген жеделхатта.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков те Қазақстан Президенті мен Қазақстан халқына апатқа байланысты көңіл айтты.

«Алматы-Нұр-Сұлтан әуе рейсі апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қырғыз халқы мен өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілтестік білдіреміз»,- делінген көңіл айту жеделхатында.


Хабарламаларға жазылу