Алматылықтар Абай рухына тағзым етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар Абай рухына тағзым етті

10.08.2020

Ұлы ақынды ұлықтау - ұрпақ ұлағаты. Алматыда да зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шара Абай алаңында өтті. Оған шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев, белгілі қаламгерлер Мекемтас Мырзахметов, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Роллан Сейсенбаев және Бақытжан Қанапиянов қатысты. Жиналғандар ұлы ақын туралы естеліктермен бөлісті. 

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу