Балықты заңсыз аулаймын деп тұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балықты заңсыз аулаймын деп тұтылды

11.03.2014
Балықты заңсыз аулаймын деп тұтылды
Балқаш көлінің маңынан 1,5 тонна балықты заңсыз жолмен аулап, саудаға салмақ болған қарағандылық қолға түсті. Осыншама балықты тиеп алған браконьер ізін суытпақ болған. Табиғатты қорғау полициясы тексергенде балықшының ешқандай құжаты болмай шықты.
 
Қазір қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Айта кету керек, Қазақстанда жыл бойына балық аулауға тиым салынған. Заңға сәйкес, қармақ салуға да, ау құруға да болмайды.
 
Болат Тақышев, Қарағанды облыстық ІІД Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің басшысы:
Іздестіру шарасы барысында айғақтардың барлығы тәркіленіп алынып, қазір зертханаға жіберілді. Осы іс-шара бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
 
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу