Елорда тұрғыны жабайы елікті құтқарып алды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Нұрлан есімді елорда тұрғыны мен оның әйелі Шанхай базары тұрған тасжолдың бойында адасып кеткен елікті көріп, ұстап алған. Боран кезінде елік адасып, жолға шығып кеткен. Осыдан кейін елік жақын маңдағы мал базарына жеткізілген. Олар бұл туралы 101 және 109 құтқару қызметіне хабарлады», - делінген хабарламада.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары дереу аталған орынға шығып, еліктің жағдайын тексеріп, оны «Жасыл аймақ» РМК Қызылжар орман шаруашылығына жіберген.