Атырау облысында 13 күн бұрын жоғалған адам табылмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 13 күн бұрын жоғалған адам табылмай жатыр

22.01.2024

Атырау облысында 13 күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам әлі табылмай жатыр. Жылыой ауданыының 39 жастағы тұрғыны 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен. Сол күні түнгі сағат 22:30 шамасында анасына «Зираттың жанында келе жатырмын, адасып кеттім» деп хабарласқан.

Содан соң еш хабар болмаған. Туыстарымен байланысқа шықпапты. Оның қай бағытқа кеткені белгісіз болып отыр. Қазір хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Еске салайық, бұған дейін өңірде қар құрсауынан 3 күнде 15 адам құтқарылған болатын.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу