Екі банк «Баспана хит» арқылы ипотека беруді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі банк «Баспана хит» арқылы ипотека беруді тоқтатты

02.06.2021

Елде екі банк «Баспана хит» бағдарламасы арқылы ипотека беруді тоқтатты. Halyk Bank пен Сбербанк бағдарламаға бөлінген қаржы таусылған соң, азаматтардан енді өтініш қабылдамайды. Дегенмен, бұған дейін ипотека алуға құжат тапсырған азаматтардың алаңдауына негіз жоқ. Банк бұл адамдарға пәтер алуға несие береді. Айта кетейік, «Баспана хит» арқылы тұрғын үй беруге 600 млрд теңге бөлінген. Қаражат жыл соңына дейін толық игерілген уақытта, қалған екінші деңгейлі банктер өтініш қабылдауды тоқтатады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу