Кәсіпкерлер палатасы Құрылысшыларды қолдау қорын құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер палатасы Құрылысшыларды қолдау қорын құруды ұсынды

23.09.2022

Баспана да қымбаттап жатқаны түсінікті. Шаршы метр құнын шарықтатпай, арзандату үшін кәсіпкерлер палатасы Құрылысшыларды қолдау қорын құруды ұсынды. Осы арқылы тұрғын үй салатын компанияларға мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын арзан несие беру қажет, дейді. Бұл құрылыс саласын жандандырып, баспана қолжетімділігін арттыра түседі, дейді кәсіпкерлер. Айтуларынша, арзан несиеге үй салып, оны біріңғай оператор Отбасы банкіне өткізіп отыру керек. Кейін ондағылар пәтерлерді мөлшерлемесі төмен ипотека арқылы сатып отырса, шаршы метр құны арзандайды деген пікірде. 

Хабарламаларға жазылу