Талдықорған қаласын жаңа жылдық безендіруге 25 миллион теңге бөлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған қаласын жаңа жылдық безендіруге 25 миллион теңге бөлген

20.12.2019

Талдықорған қаласын жаңа жылдық безендіруге жергілікті билік 25 миллион теңге бөлген. Бұл сомаға шырша алынып, орталық көшелер түрлі-түсті жарық шамдармен әрленбек. Қала тұрғындары болса, миллиондарды мерекеге шашқанша, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағыттау керек еді деген пікірде.  

Бұдан бөлек, тағы екі жерге үлкен шыршалар орнатылып жатыр. Жалпы биыл талдықорғандықтар үшін жастар саябағы, Қаратал жағалауы және орталық алаң барынша безендірілмек. Оған 25 миллион теңге жұмсалмақ. Жергілікті биліктің мерекеге қыруар қаржы бөлгені тұрғындардың ашу-ызасын тудырды.      

Ал қаланы безендіріп жатқан мердігер мекеме болса, бұл қаржыны азсынып отыр. Айтуларынша, жұмыс көп, ал баға шарықтап тұр.

Қайткенмен қаржы бөлініп кетті. Қос мердігер жарыса жұмысын істеп жатыр. Шаһардағы өзге де кәсіпорындар мен мекемелерге ғимараттарды безендіру міндеттеліп қойған. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу