Метро құрылысы кезіндегі апаттан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Метро құрылысы кезіндегі апаттан 5 адам қаза тапты

19.12.2019

Өзбекстан астанасы Ташкентте метро құрылысы кезіндегі апаттан 5 адам қаза тапты. Толассыз жауған жауыннан құрылыс алаңында топырақ опырылып, жұмысшылар шұңқырға құлап кеткен.

Оқиға кеше жергілікті уақытпен таңғы 10-дар шамасында болды. Юнусабад метро желісінде қолайсыз ауа райынан 250 текше метр жер түсіп кеткен. Мамандар бірнеше сағат бойы ордың суын құрғатып, үйінді астынан мәйіттерді шығарды. Олардың ең жасы небәрі 20-да.

Қазір оқиға бойынша қызметтік тексеру жүріп жатыр. Бұл істі ел премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов өз бақылауына алған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу