Үндістанда көмір шахтасы опырылып, 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда көмір шахтасы опырылып, 5 адам қаза тапты

03.02.2022

Үндістанның Джаркханд штатында көмір шахтасы опырылып, 5 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға жергілікті компаниялардың бірінің қараусыз қалған кенішінде болған. Опат болғандардың төртеуі - әйел. Олар көмірді сату және тұрмыста қолдану үшін жинауға барған. Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз.

«Рейтердің» дерегінше, Үндістан шахталарында мұндай оқиғалар жиі болады. Мысалы, 2020 жылы кеніштегі апаттан орташа алғанда әр 12 күн сайын бір жұмысшы қаза тапқан.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу