Кездесуде Мемлекет басшысына өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды.
Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, аймақта өндіріс саласы 5,5 пайызға, ауыл шаруашылығы мен инвестиция 25 пайызға, тұрғын үй құрылысы 30 пайызға өскен.
Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталғаны жөнінде айтты.
Президент атаулы әлеуметтік көмек, газдандыру және тұрғындардың табыс көлемін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.