Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер ұйымы» төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады. Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы аға буынды отбасы институтын дәріптеу ісіне, жастарды әлеуметтік кесел: нашақорлық, лудомания секілді дерттен сақтауға белсенді атсалысуға шақырды.
Өмірзақ Озғанбаев, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының орынбасары:
Бүгін ел Президентінің қабылдауында болдым. Айтылған мәселелер ұрпақ тәрбиесі туралы болды. Ұрпақ тәрбиесі қай ел, қай халық үшін де өте маңызды мәселе. Қасым-Жомарт Тоқаев осы соңғы кездесулерде жастар тәрбиесін жетілдіру жөніндегі нақты бағдарлама, нақты жұмыстардың бағытын анықтап берді. Ендігі мәселе осы көрсетілген бағыттар, әсіресе жастардағы кесел болып есептелінетін мәселелерді қолға алып, осы бағытта жоспарлы, тиянақты, мақсатты жұмыс жүргізу болып табылады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10