Президент Өмірзақ Шүкеевті қабылдады

23.08.2017

Елбасы бүгін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының басшысын қабылдады. Өмірзақ Шүкеев Президентке ағымдағы жылдың алғашқы 7 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Сондай-ақ, қорды және оның еншілес кәсіпорындарын трансформациялау барысы жайында әңгіме қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасында қордың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың жекелеген бағыттарына тоқталды. Кездесу соңында Президент қор басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу