Алматыда «Тіл татулық тірегі» фестивалі өтеді

15.04.2015
Алматыда «Тіл  татулық тірегі» фестивалі өтеді

Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған Алматы қаласындағы этномәдени орталықтардың  өнер ұжымдары мен өнерлі өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Тіл - татулық тірегі» атты қалалық фестиваль өткізеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілінің қолданылуын дамыту, ұлт бірлігін нығайту.

Фестивалға өздерінің ана тілінде және мемлекеттік тілде өнер көрсететін этномәдени орталықтардың өнер ұжымдары, жекелеген этнос өкілдері қатысады.

Фестивалға қатысушыларға тиісті дәрежедегі диплом мен бағалы сыйлықтар,  алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. 

Хабарламаларға жазылу