Еуропа саясаткерлері мен кәсіпкерлері Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа саясаткерлері мен кәсіпкерлері Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтауда

13.12.2019

«28 жыл ішінде талай асуды бағындырып, биік белестен көрінген Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы әрқашан асқақ болсын!». Бұл Еуропа саясаткерлері мен кәсіпкерлерінің Тәуелсіздік мерекесіне тілегі. Қазақ елімен саяси-экономикалық қатынасты күшейтуге күш салып жүрген еуропалықтар мызғымас экономика қалыптастырып, аз уақытта азулы елдер санасатын дәрежеге жеткен Қазақстанның даму жолына жоғары баға беруде.

Рышард Чарнецкий, «Қазақстан- Еуроодақ» достық тобының жетекшісі, Еуропалық парламент депутаты:

Қазақстан — Орталық Азиядағы маңызды серіктесіміз, мүмкіндіктер елі. Жаһандық саясаттағы басты ойыншылардың бірі. Тұрақты, қарқынды дамып келе жатқан елдеріңіздің әрбір жетістігіне сүйсініп отырамын. Қиын кездерде жер аударылған поляктарға бір үзім нанын бөліп берген қазақтың қонақжайлылығын ешқашан ұмытпаймыз. Сіздер өздеріңіздің қазақ боп туғандарыңызды мақтан тұтатын ұлтсыздар. Тәуелсіздіктеріңіз баянды болсын!

Руперт Гудман, Британ-қазақ қоғамының төрағасы:

Бірінші кезекте, барлық қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біз Ұлыбританияда жаңа үкіметтің құрылуы кезеңінде тұрмыз. Борис Джонсон өте талантты саясаткер және ол еліміздің сауда саласын жаңа деңгейге шығаруға ниетті. Қазақстан Ұлыбритания үшін маңызды сауда серіктесі болып табылады. Жаңа үкіметтің Қазақстанмен жаңа сауда келісімдерін жасағысы келетініне еш күмәнім жоқ. Қазақстан мықты мемлекет. Екі ел арасындағы ынтымақтас пен қарым-қатынас барлық салаларда одан әрі дамыйтынына сенемін!

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу