Бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы: Тәуелсіздік – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы: Тәуелсіздік – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз

14.12.2016
Бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы: Тәуелсіздік – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз

Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының төрағасы,  Бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Баршаларыңызды Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татыған 25 жылдық торқалы тойымен құттықтаймын!

Расында, біз кешегі аумалы заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халықпыз. Сондықтан да, Тәуелсіздік – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз.

Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен өр рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген Тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі.

Аллаға сансыз шүкірлер айтамыз, егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп, елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді.

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Дендеріңізге саулық, күш-қайрат, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі мен халқымыздың болашағы жолындағы жұмыстарыңызға береке тілеймін

Тәуелсіздігіміз баянды, дұғамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай!», делінген құттықтауда.  

Хабарламаларға жазылу