Димаш Құдайбергенді әуежайда халық зор қошеметпен қарсы алды
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанған Димаш бүгін түс қайта елордаға ұшып келді. Өнерпазды әуежайдан күтіп алғандардың қатарында есеп болмады. Солардың бірі – менің әріптесім Фариза Мұсақызы. Америкадан оралған Димашты жанкүйерлері қалай қарсы алды?!
Мұхиттың арғы жағынан ұшып келетін ұшақтың қазақ жеріне қонуын тағатсыздана күткендердің қарасы қалың. Ол түсінікті де. Журналистердің өзі бір сәт жұмысын ұмытып, Димаштың әнін көпшілікпен қосыла шырқады.
Бірнеше сағатқа созылған ғаламат концерттен кейін демалмастан 12 сағат ұшып келген Димаштың туған жерге жеткенде тынысы қайта ашылғандай. Әлемді әнімен әлдилеген қазақтың дара баласына деген халықтың ыстық ықыласы әлі талай биікке жетелері сөзсіз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03