Көп балалы аналар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көп балалы аналар марапатталды

12.12.2019

Атырауда көп балалы аналар «Алтын» және «Күміс» алқа төсбелгісімен марапатталды. Бүгінде аймақта төрт және одан да көп баласы бар 8 мыңға жуық әйел бар. Сондай-ақ, өңірде екі жүз сексен үш батыр ана, мың алты жүзден астам «Күміс» , мың тоғыз жүз «Алтын алқа» иегері бар. Биыл көп балалы аналарға 100-ден астам баспана берілді. Оларды кәсіпке баулу жағы да жүйелі жүзеге асуда. Мәселен осы жылы «Іскер ана» жобасы арқылы, 901 әйел бизнес бастаудың қыр-сырын үйреніп шықты. Үш жүзі арнайы грант алды.  

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу