Оралда ұрпақ тәрбиесі, буллинг, нашақорлық, вейптің зияны талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ұрпақ тәрбиесі, буллинг, нашақорлық, вейптің зияны талқыланды

29.09.2023

Оралда республикалық Аналар кеңесінің басқосуында ұрпақ тәрбиесі, буллинг, нашақорлық, вейптің зияны, өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Он жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған кеңес қызметінің қоғамда отбасы институтын сақтауда өз орны бар. Қазір ел бойынша 1700-ден астам аналар кеңесі жұмыс істейді. Форумда қатысушылар өзара іс-тәжірибесімен бөлісіп, көп балалы аналармен кездесті. Бесікке салу, тұсау кесу секілді салт-дәстүрден көрініс көрсетіліп, аналарға ақ орамал тарту етілді. Пленарлық отырыста рухани-адамгершілік құндылықтар жайы сөз болып, белсенді мүшелер марапатталды.

Нәзипа Шанаи, Қха Республикалық аналар кеңесінің төрайымы:

Салауатты қоғам құру үшін аналардың атқаратын жұмысы - соның ішінде ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу, рухани құндылық. Ұлтты сақтайтын тіл, діл және дін. Осы үш құрылымды да отбасы қалыптастырады. Оған жауапты ана.


оры: Ардақ Мұратқызы, Қайырбек Ерболатұлы


Хабарламаларға жазылу