Мемлекеттік бағдарлама 6 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік бағдарлама 6 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтыды

05.12.2019

«Жұмыспен қамту» бағдарламасы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жұмысыз жүрген талай азаматтың өз бетінше кәсіп етуіне мүмкіндік берді. Биылдың өзінде 5 мың 900 азамат жұмыссыздық қамытынан құтылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өздеріне тұрақты жұмыс тапты. Оның ішінде 360 адам қысқа мерзімді оқу курстарынан өтіп, 11 түрлі мамандықты игеріп шыққан. Оның ішінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі және пробация есебінде тұратын азаматтар да бар.

Көп балалы және табысы аз отбасыларға үкімет тарапынан қаржылай атаулы әлеуметтік көмектің берілуі де олардың өз бетінше кәсіп етіп, табыс табуына сеп жасады. Сарыағашта жыл соңына дейін 7 мыңға тарта отбасыны жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік жоспар түзіліп отыр.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу