Елімізде құқық қорғау орындарына деген халықтың шағымы көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде құқық қорғау орындарына деген халықтың шағымы көп

10.12.2019

Елімізде құқық қорғау орындарына деген халықтың шағымы көп. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов айтты.

Оның сөзінше, өткен жылы аталған комиссияға жазылған арыз хаттардың 30 пайызы осы салаға қатысты. Яғни шағымданушылардың басым бөлігі құқық қорғау мекемелерінің тарапынан өз құзіретін асыра пайдаланудың жиі кездесетінін жеткізген. Сондықтан комиссия өкілдері сот пен прокуратура жұмысын жетілдіру қажет екендігін айтады. Халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнамаға енгізіп, құқықтық институттар мен азаматтық қоғам арасында сындарлы диалог қалыптастыру маңызды.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу