Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерін қабылдады

30.10.2019

Мемлекет басшысы бүгін Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен, азаматтық қоғамның перспективалары және құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастығын сөз етті. Ал әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуовамен, «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, яғни оны жүзеге асыруда әлеуметтік зерттеулердің атқаратын рөлі туралы сөйлесті. Сонымен қатар кездесуде Қоғамдық кеңестер институтының жұмысы, жоғары оқу орындарына автономия беру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу, жекеменшік институттар мен қор нарығын дамыту мәселелері, Президенттің Алматы жоғары басқару мектебінің және «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұровпен жүздесуінде сөз болды.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу