Президент бірнеше мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. «Ақорда» резиденциясында өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысына Австралия елшісі Грейм Михан, Кипр елшісі Андреас Зинонос, Конго елшісі Давид Мадука, Мьянма елшісі Ко Ко Шейннен сенім грамоталарын тапсырды. Қазақстан Президенті шетелдік дипломаттарды қызметтеріне ресми кірісуімен құттықтап, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев елшілердің игілікті миссиясына табыс тілеп, олардың Мемлекет басшылары мен Үкіметтеріне өзінің сәлемін жолдады.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03