Ұстаз Шәрбану Әнәпияқызының туғанына 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаз Шәрбану Әнәпияқызының туғанына 100 жыл

11.12.2019

Алматыда білім саласына елеулі үлес қосқан ұлағатты ұстаз Шәрбану Әнәпияқызының туғанына 100 жыл толуына орай тағылымды кеш өтті. Шараға тұлғаның әріптестері мен замандастары, шәкірттері және ардагер ұстаздар қатысты. Шәрбану Әнәпияқызы - Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған. Кеш соңында оқушылар жыр арнап, жиналғандар ұстаз туралы естеліктер айтты.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу