Қазақстанға биыл 2,5 миллиардтан аса кибер шабуыл жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға биыл 2,5 миллиардтан аса кибер шабуыл жасалған

08.12.2019

Мамандардың айтуынша, Қазақстан қазіргі таңда шетелдік хакерлер үшін жақсы бір практикалық алаң болып тұр. Сосын -ал квазимемлекеттік секторда отырған басшылар киберқауіпсіздіктің қаншалықты маңызды екенін көбіне түсіне бермейді, деп жұмсартып қойды.

Елімізде компаниялардың тең жартысында ай-ти маман тапшы. Ал киберқауіпсіздікке қатысты арнайы білім 1,5 процентінде ғана бар. Сонымен бірге ақпараттық технологиялар заманында әрбір азаматтың да сауаттылығы артуы тиіс. Интернет қызметтері мен әлеуметтік желіні пайдаланғанда жеке деректердің қауіпсіздігі үшін сақ болудың маңызды екенін ұғу пайымы. Ал тұтас киберқауіпсіздікке жауап беретіндер пенделік әрекеттермен камераға түсіп қалмауды ғана ойлайтын деңгейден кетті ме екен...

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу