Қ.Тоқаев Германия сапары аясында «...Украина проблемасы «норманд форматында» шешілуі керек. 9 желтоқсанда Парижде төрттіктің отырысы өтеді. Сәттілік тілейміз, себебі Украинамен бізді достық байланыстырады. Украин халқына ілтипатпен қараймыз және бұл халық бейбіт те, берекелі өмір сүруге лайықты», - деді. Украина тақырыбы дейікші, оны реттеуге байланысты Минск кездесулері бар екені мәлім. Онда Украина, Ресей және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жиналады.
Ал «норманд форматы» деген 2014 жылы жазда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастардың Нормандияға әскер кіргізуінің 70 жылдығын атап өткенде құрылған. Украина, Германия, Франция және Ресей басшыларының кездесуі. Ертең олар 3 жылғы үзілістен кейін Парижде жолығады — Эммануэль Макрон, Владимир Зеленский, Владимир Путин және Ангела Меркель.