Жас қаламгердің шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас қаламгердің шығармашылық кеші өтті

05.12.2019

Талдықорғанда ақын, композитор, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жангелді Немеребайдың алғашқы шығармашылық кеші өтті. «Арман аялдамасы» деген әдеби-сазды қойылымда жас қаламгердің өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Лирикалық шығармаларға ден қойған ақын өзіндік жазу стилімен әдебиет әлемінің жаңа толқыны ретінде танылып келеді. Ақындар арасында «Жансері» деген лақап аты бар талант иесінің патриоттық тақырыптағы отты жырлары рух береді. Жетісудың сұлу табиғатын суреттеген өлеңдерінің де орны бөлек. Бүгінде Жангелді Немеребайдың шығармалары екі кітапқа жинақталды. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу