Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезекті сессиясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезекті сессиясы өтті

01.12.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым аясындағы саяси ынтымақтастықты дамытуға, Ұйымның әскери-күштік әлеуетін нығайтуға және заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдар жасауға ниеттіміз, – дей келе: Халықаралық қауіпсіздік саласындағы саяси диалогты күшейту қажеттігін атап өткен. – Біз ешкімге қарсы шықпаймыз, керісінше, өзара тиімді диалогқа дайынбыз. Бұл ұстанымды ілгерілету маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің Солтүстік Атлантика одағындағы әріптестеріне биылғы мамыр айында жолдаған Ашық үндеуінің маңыздылығына тоқталған.    

Президент ұйым аясында сараптамалық-диалогтық инфрақұрылымды кеңейтуге шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің алдағы сессияларының бірінде министрлер, Қауіпсіздік кеңесі хатшылары, ірі сарапшылар мен шетелдік қонақтар деңгейінде халықаралық конференция ұйымдастыру туралы ойланған жөн.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясын мысалға келтірді. Оның пікірінше, бұл жиын бастапқыда Солтүстік Атлантика одағына мүше елдердің қорғаныс ведомстволары өкілдерінің бейресми кездесуі ретінде ұйымдастырылған еді, ал бүгінде Еуропаның қауіпсіздігіне қатысты проблемаларды талқылайтын беделді форумға айналды.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері туралы айтты.

– Бүгінде ресми билік ел аумағының жартысынан астамын ғана бақылайды. Онда халықтың 65 пайызы тұрады. Ауғанстанның қалған аймақтары террористік ұйымдардың қолында. Оңтүстіктен төнетін осындай қауіптің бар екенін ескере отырып, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы халықаралық терроризм мен басқа да қатерлерге қарсы күресу үшін қарулы күштер мен құралдарды сақадай-сай ұстауы қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Саммит қатысушыларына «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының нәтижесі туралы айтып, Қазақстан мен Сирияның салалық органдары 595 азаматты, оның ішінде 400-ден астам баланы қақтығыс аймағынан алып шыққанын жеткізді. Осы аптада ғана Ирактан бір топ баланың құтқарылғанын хабарлады.  

 Иә, осы жолы Ирактан келген 14 баланың әкесі соғыста қаза тапқан. Ал қазақстандық бес әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Апта ортасында елге оралған балалар туыстарымен қауышты.  

Хабарламаларға жазылу