АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Иракқа сапармен барды

08.05.2019

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иракқа күтпеген іссапармен барып, ел билігімен кездесті. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Помпео кездесу барысында АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтып, Ақ үй Ирактың тәуелсіз мемлекет екеніне қолдау білдіретінін жеткізді.

Сонымен қатар, ол елге әрі қарай да көмек көрсетіліп, кәсіби мамандар даярлау үшін мүмкіндіктер жасалатынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы Иранның қысым көрсетуіне қарамастан, Ирактың энергетикалық тәуелсіз болуы үшін, Америкамен бірнеше ірі шарт жасау жоспарланғанын айтты.))

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу