Ақылы ҰБТ-ға өтініштер қабылданады
Қазақстанда 2020 жылы 15-20 қаңтар аралығында ақылы негізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Білім сынына өтініштер желілік ЖОО-ларда биыл 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады.
Ақылы ҰБТ-ны кімдер тапсырады?
Бұл тестілеу ақылы бөлімге түсетін 11-сынып оқушылары үшін, бірінші академиялық кезең аяқтағанға дейін ЖОО-ға қабылданған тұлғалар мен шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобынан басқаға ауысатын студенттер үшін өткізіледі.
ҰБТ тапсыру үшін қандай құжаттар қажет?
Тестілеуге қатысу үшін 11-сынып оқушылары мынадай құжаттарды тапсырады:
- Арнайы үлгідегі өтініш;
- 3x4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
- Жеке куәліктің көшірмесін (16 жасқа толмағандар туу туралы куәліктің көшірмесін);
- Тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек
- Өзі білім алатын мектептен анықтама;
Ақылы ҰБТ үшін қанша қаржы төлеу қажет?
Тестілеудің құны – 2242 теңге.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00