Қазақстан шетелге 21 млн долларға шоколад сатқан

28.11.2019
Қазақстан шетелге 21 млн долларға шоколад сатқан

Биыл отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінен өндіріліп, экспортталған тауардың 9 пайызы - шоколад және кондитерлік өнімдер. Жыл басынан бері шетел нарығына сатылған шоколад өнімдерінен түскен пайда 21 млн долларды құраса, ал кондитерлік тауарлар үшін Қазақстанға 42,6 млн доллар пайда түсірді.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының ең үлкен үлесі ұннан (31%) және өсімдік майынан (15%) жасалған тауарларға тиесілі.

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айында қайта өңделген өнімдердің экспорт көлемі 757 млн долларды құрады. Оның 77 пайызы (580 млн доллар) - ұнға, өсімдік майына, сүт өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге, күнжара (жмых), балық өнімдеріне, минералды және газдалған суларға, шоколадқа, макаронға және құс етіне тиесілі.

Хабарламаларға жазылу