Қызылордада көпқабатты тұрғын үйлер жанға жайлы болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада көпқабатты тұрғын үйлер жанға жайлы болмай тұр

26.11.2019

Қызылорданың сол жағалауынан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлер жанға жайлы болмай тұр. Биыл ғана пайдалануға берілген баспаналарда газбен жылытатын қондырғылар талапқа сай орнатылмаған. Тіпті жоғары қабатқа ауызсу да жетпейді. 

Сол жағалаудың тұрғыны Мұхит Төлегеновтің үйді салған құрылыс компаниясына өкпесі қара қазандай. Ұзақ жылдар бойы күтіп қол жеткізген жаңа баспанасы әуре-сарсаңға салды. Бірнеше күн бұрын газ құбыры мен тоқ сымдары түйіскен жер тұтанып, пәтері өртеніп кете жаздаған. 

Ә.СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу