Қызылордада көпқабатты үйлерде жылу мардымсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада көпқабатты үйлерде жылу мардымсыз

14.12.2023

Қызылордада қатты жел мен үскірік аяздан көпқабатты тұрғын үйлер де азынап кетті. Тұрғындар жылу құбырларында температура мардымсыз екенін айтып шағымдануда.

Дегенмен, қалада жылу электр орталығы толық қуаттылығында жұмыс істеп тұр. Ешқандай ақау жоқ дейді салаға жауаптылар. Бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерде ішкі жылу жүйелері ескіріп, құбырлар жарылған. Тұрғындардың арыз-шағымы бойынша авариялық бригадалар қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, мәселені шешуге күш салып жатыр.

Ғалымжан Еркебай, қала әкімінің орынбасары:

Жұмысшы топпен қазіргі таңда әр көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, арыз-шағым түскен үйлерді басына барып көріп, жылуларын барып тексеріп жатырмыз. Егер қала әкімдігі тарапынан мәселе шешілетін болса сол жерден бірден шешуге жұмыс істеп жатырмыз.


Әділбек Жақанов

Хабарламаларға жазылу