«Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосып отыр. «Digital Centre» (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
«Digital Centre» орталығында Мемлекет басшысына тұрғындар мен ел қонақтарына қызмет көрсететін электронды үкімет жүйесі таныстырылды. 2020 жылға қарай мемлекеттік қызмет көрсетудің 90 пайызын цифрлық форматқа көшіру жоспары бар. «Бастысы – сапа мен жедел қызмет көрсету. Біз жоғары технологияларды пайдаланатын алдыңғы қатарлы ел болуымыз керек деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Alem» бағдарламалау мектебіне, «Astana IT University» ақпараттық технологиялар университетіне және Халықаралық «Astana Hub» IT-стартаптар технопаркіне барды.
«Astana IT University» және «Alem» бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олар – Қазақстанның қозғаушы күші. ҚР өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты», - дей келе Президент оқушылар мен студенттерге: «Неғұрлым жақсы білім алсаңыздар, мына қиын да алмағайып өмірден алар еншілеріңіз соғұрлым көп болады», – деді.
Расында мұндай орталықтар, білім ордалары үміт отын сөндірмеуге сеп.