Еліміз өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс - Қ.Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс - Қ.Тоқаев

20.11.2019

Цифрландыру-заман талабы. Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп жазды твиттердегі парақшасында. Бүгін Мемлекет басшысы «Astana Hub» IT стартаптар технопаркінің жұмысымен танысты және еліміздегі алғашқы IT университетте болды.

«Digital Centre» осындағы бірегей жобалардың қатарында. Қазақша айтсақ, халыққа қызмет көрсету орталығының цифрлық үлгісі. «Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызудың» жаңаша түрі. Келешекте мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде беру осындай озық тәртіпте іске асады. Оны жасап жатқан өзге емес, өзіміздің өрендер. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс»,- деді. Оны жүзеге асыратын отаншыл жастарға үлкен сенім артып, сәттілік тіледі.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу