Гонконг қаласында полицейлер мен шерушілер арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған. Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оның шынтағы жараланған», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, бүгін оның ісіне қатысты алдын ала тыңдау өткен. Қазіргі уақытта Қазақстанның бас консулы бұл істі бақылауына алды. Дипломаттарымыз да Қазақстан азаматының құқықтарының сақталуын қадалағап отырмақ.
«Дегенмен дипломаттар қылмыстық істер жөніндегі адвокат іздеп жатыр. Атап өтерлігі, соңғы уақытта Гонконгта 4 мыңнан астам адам ұсталды және осыған байланысты адвокаттардың жетіспеушілігі байқалады», - деді министрліктен.
Фото: ntv.ru