Атыраудан табылған «Алтын адам» тұңғыш рет халықаралық көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудан табылған «Алтын адам» тұңғыш рет халықаралық көрмеге қойылды

18.11.2019

Атыраудан табылған «Алтын адам» Ресейде! Темір дәуірінен жеткен теңдессіз құндылық Санкт-Петербург қаласында, тұңғыш рет халықаралық көрмеге қойылды. «Қазақстанның алтын мұрасы» деп аталатын көрме, VIII Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумымен тұспа-тұс келді. Оған 120 елден 9 мыңға жуық делегат қатысты.

Ғасырдан астам тарихы бар Ресей этнографиялық музейі үшін, «Алтын адам» шедеврмен тең. Теңдессіз туындыны тамашалауға келгендердің бірі Петербор тұрғыны Ержан ақсақал. Ол, сармат көсемінің тұлғасынан асқақ рухты сезінгенін айтады.

Биыл екінші «Алтын адамның» табылғанына — 20 жыл. Тарихи мұра, біздің дәуірімізге дейінгі 2-3 ғасырға тиесілі. Оны Аралтөбе қорғанынан қазып алған белгілі археолог — Зейнолла Самашев.

Көрмеге темір дәуірінен жеткен 600-ден астам жәдігер қойылды. Олардың бірқатары түпнұсқа қалпында әкелінген.

 «Бірегей экспонат 20 күн бойы Ресей жерінде, көрермен назарына ұсынылмақ. Бұл жәдігер, Петерборда тұратын 10 мыңға жуық қандасымызға, ежелгі тарихпен танысу үшін үлкен мүмкіндік сыйлап отыр.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ 


Хабарламаларға жазылу